АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылғы 9 қазанда Алматы облысы Әділет департаментінде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтарға заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған Ашық есік күні өтті.
Іс-шара аясында азаматтар Департамент мамандарына жүгініп, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, әділет органдары қызметінің бағыттары бойынша қажетті түсініктемелер алуға мүмкіндік алды.
Қабылдау барысында келушілерге мемлекеттік тіркеу, атқарушылық іс жүргізу, нотариаттық қызмет, адвокаттар мен заң консультанттарының қызметі, сондай-ақ әділет органдарының құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша құқықтық кеңестер берілді.
Мұндай іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, сондай-ақ олардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді.
Алматы облысы Әділет департаменті мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге, құқықтық көмектің қолжетімділігін арттыруға және халықтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды жалғастыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-alm/press/news/details/1308952?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді