Ашық есік күні!

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
 
▪ Заң мен тәртіп идеологемасын іске асыру мақсатында 2026 жылдың 8 қазан күні «Ашық есік күні» акциясы аясында Алматы облысы Әділет департаментінің Іле ауданының ауданаралық аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімі филиалында азаматтарды қабылдау өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – халыққа құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Қабылдау барысында азаматтарға сот актілерін орындауға қатысты өзекті мәселелер бойынша құқықтық кеңестер мен түсіндірмелер берілді. Атап айтқанда, банктік шоттарға тыйым салу және оны алу, алименттік төлемдерді өндіріп алу, сондай-ақ нотариустардың атқарушылық жазбаларын орындау тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, азаматтарға атқарушылық іс жүргізу шеңберіндегі олардың құқықтары мен міндеттері, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі, сондай-ақ бұзылған құқықтарды қорғаудың заңнамада көзделген тетіктері түсіндірілді.
Осындай іс-шараларды өткізу азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, әділет органдары қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге және халыққа қажетті құқықтық көмекті уақтылы көрсетуге мүмкіндік береді.
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-alm/press/news/details/1308894?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді