
ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов кезекті жеке қабылдауын өткізді. Қабылдауға келген тұрғындар ойын алаңша, жарық, жер және кәсіпкерлік саласына қатысты мәселелерді көтерді.
Қала басшысы айтылған өтініш-ұсыныстарды тыңдап, заң аясында жауап берді. Шешімді күтірмейтін мәселелерді жауапты басшыларға тапсырды.
Қабылдауда айтылған мәселелер бақылауға алынып, шешу жолдары қарастырылатынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1308988?lang=ru

Жауап қалдыру