ҚАРТТАР МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қарттар мерекесіне орай тыл еңбеккері, ел тарихының тағылымды кезеңдерінің куәгері Каланчина Валентина Андреевнаға құрмет көрсетілді. Ардагерді мәслихат төрағасы Г. Шаймарданова және партия төрағасы А. Отаршина арнайы барып, мерекемен құттықтады. Кездесу барысында Валентина Андреевнаға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық амандық және береке-бірлік тілектерін білдірді. Тыл еңбеккерлерінің ерен еңбегі мен ел дамуына қосқан үлесі – кейінгі ұрпақ үшін өнеге. Аға буынға құрмет көрсету, олардың өмір жолын дәріптеу – қоғамның маңызды құндылықтарының бірі. Қариясы бар елдің – қазынасы бар. Аға ұрпаққа көрсетілген құрмет – елге деген құрмет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-samar/press/news/details/1309055?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді