
Мектеп оқушылары арасында табиғатқа қатысты экологиялық дүниетанымды қалыптастыру, қоршаған ортаны аялау сезімін тәрбиелеу мақсатында 2026 жылдың 9 қазанында 8-10 сынып оқушылары арасында «Жас экорепортер» облыстық экологиялық конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты: оқушылардың табиғатка қатысты экологиялық дүниетанымын қалыптастыру, қоршаған ортаның сапасын жақсартатын экологиялык іс-шараларды өткізудің маңыздылығын тусінуіне ықпал ету, Павлодар өңіріндегі экологиялық проблемаларға назар аудару болып табылады.
Облыстық кезеңіне 3 жұмыс ұсынылған болатын. Бағалау шарттарына сәйкес ұпайларды қорытындылап, жеңімпаздарды мен жүлдегерлерді анықтау барысында 1 жұмыс жүлделі орынға ие болды. №2 ЖОББМ-нің 10 сынып оқушылары Шарипова Адель және Ашимжанова Бибинур – 2 орынға ие болды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhelezin-bilim/press/news/details/1308968?lang=ru

Жауап қалдыру