
Прибрежное ауылында Қарттар айлығы аясында ауылдық округінің әкімі Дәурен Сәкенұлы Рамазанов пен Ардагерлер кеңесінің төрайымы Зейнеп Қабдоллақызы Тәнібаева 80 жасқа толған мерейтой иелерін — Гуцевич Валентина Николаевнаны, Асанова Разиля Сентқожиевнаны және Смаилов Қайыржан Хамзиновичті арнайы барып сыйлық беріп құттықтады.
Сонымен қатар, ерлі – зайыпты Сергей Владимирович пен Людмила Кузьминична Катковтарға да сыйлық беріп және ізгі тілектерін білдірді.
Кездесу барысында мерейтой иелеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке, шаңырақтарына шаттық және әрдайым көтеріңкі көңіл күй тіледі. Қарияларға құрмет көрсету — ұрпақ парызы әрі адамгершіліктің белгісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzh-pribrezhniy/press/news/details/1309250?lang=ru

Жауап қалдыру