Құтыру ауруының алдын алу бойынша семинар өткізілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылғы 9 қазанда Астана қаласының санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеру бөлімшесі қызметкерлеріне «Құтыру: жұғу жолдары, негізгі белгілері және алдын алу шаралары» тақырыбында семинар өткізді. Семинардың мақсаты — құтыру ауруының алдын алу, оның жұғу жолдары мен негізгі белгілерін түсіндіру, сондай-ақ ауруды жұқтыру қаупін болдырмау шаралары туралы ақпарат беру. Семинар барысында қатысушыларға құтыру ауруының қауіптілігі, жануарлардың тістеуі немесе тырнауы арқылы жұғу жолдары, сондай-ақ ауру жұқтыру қаупі болған жағдайда медициналық көмекке дереу жүгінудің маңыздылығы туралы ақпарат берілді. Үй жануарларын ұстау қағидаларын сақтау, оларды уақтылы вакцинациялау, қараусыз қалған және жабайы жануарлармен байланысқа түспеу, сондай-ақ жануарлармен кездескен кездегі қауіпсіз мінез-құлық қағидаларына ерекше назар аударылды. Семинарға қатысушылар құтыру ауруының алдын алу мәселелерін талқылап, қажетті түсініктемелер алды. Іс-шара соңында қатысушыларға құтыру ауруы және оның алдын алу шаралары туралы негізгі мәліметтер қамтылған ақпараттық жадынамалар таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1309188?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді