Ақтау қаласындағы мектеп оқушыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

«Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Ақтау қаласы Полиция басқармасы Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізді.

Кездесу барысында жасөспірімдерге құқық бұзушылықтардың алдын алу, буллинг пен оның салдары, топтық төбелестерге жол бермеу, интернет-алаяқтықтан сақтану, сталкингтің құқықтық салдары және кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі туралы түсіндірілді.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері оқушыларға интернет кеңістігінде жеке қауіпсіздікті сақтау, заң талаптарын орындау және құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу жөнінде кеңестер берді.

Профилактикалық іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.

Заңды білу – қауіпсіздіктің негізі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1309389?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді