Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды инватаксимен тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін медициналық көрсетілімдердің жаңа тізбесі бекітілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылғы 18 қыркүйекте қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2026 жылғы 3 қыркүйектегі № 102 бұйрығымен мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды инватаксимен тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшін медициналық көрсетілімдердің жаңа тізбесі бекітілді:

1) толық соқырлық;

2) түзетумен екі көзінің 0,03-ке дейін көру өткірлігі;

3) жай-күйі ауырлығының ауыр дәрежесіндегі вестибулярлық мишықтың бұзылысы;

4) жай-күйі ауырлығының ауыр дәрежесіндегі гиперкинетикалық амиостатикалық синдромы;

5) жай-күйі ауырлығының ауыр дәрежесіндегі паркинсонизмі (акинетикалық-регидтік түрі);

6) жай-күйі ауырлығының ауыр дәрежесіндегі гемипарез, төменгі парапарез, трипарез, тетрапарез;

7) жай-күйі ауырлығының ауыр дәрежесіндегі гемиплегия, триплегия, параплегия, тетраплегия, диплегия;

8) жай-күйі ауырлығының ауыр дәрежесіндегі қанайналым және тыныс алу функцияларының бұзылысы (ІІІ сатыдағы қанайналым жеткіліксіздігі, ІV функциялық кластағы сәйкесінше стенокардияның коронарлық жеткіліксіздігі, ІІ-ІІІ және ІІІ сатылардағы өкпе-жүрек функциясы жеткіліксіздігімен қосарласқан ІІІ сатыдағы тыныс алу жеткіліксіздігі және басқалар);

9) жай-күйі ауырлығының ауыр дәрежесіндегі несеп шығару жүйесі функциясының бұзылысы (диализ терапиясын алушылар);

10) ІІІ-ІV дәрежедегі буын функцияларының бұзылысын қоса алғанда, жай-күйі ауырлығының ауыр дәрежесіндегі организмнің статикалық-динамикалық функцияларының бұзылысы;

11) протезге жатпайтын және жүріп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын екі қолдың ампутациялық тұқылдары;

12) протезге жатпайтын және жүріп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын екі қолдың туа біткен даму ауытқулары;

13) протезге жатпайтын екі санның ампутациялық тұқылдары;

14) протезге жатпайтын, қолдың айқын көрінетін функциялық бұзылыстарымен, жүріп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын екі сирақтың ампутациялық тұқылдары;

15) жүріп-тұрудың ІІІ үшінші дәрежедегі бұзылысымен аяқтардың туа біткен даму ауытқулары;

16) жүріп-тұру құралдарын пайдалануды қиындататын қолдарының айқын функциялық бұзылыстарымен қосарласқан буындар функцияларының ІІІ-ІV дәрежеде бұзылысымен екі жамбас-сан немесе тізе буындарының шорбуындары, контрактуралары;

17) заңды өкілінің сүйемелдеуіне мұқтаж ауыр мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар психикалық аурулар;

18) жай-күйі ауырлығының ауырлық дәрежесімен иммундық жүйенің туа біткен бұзылысы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-saran/press/news/details/1309405?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді