
Жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара аясында Қарақия ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғындар мен аудан қонақтарына қауіпсіздік шараларын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жеке мүлікті қорғау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар, тұрғындардың өзекті мәселелері мен ұсыныстарын жедел анықтау мақсатында аудан аумағындағы сауда орындарына QR-кодтар орналастырылды. Бұл бастама тұрғындармен кері байланысты нығайтуға, олардың өтініштері мен ұсыныстарын жинақтауға және полиция қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Полиция қызметкерлері тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға белсенді атсалысуға шақырады.
Қауіпсіздік — ортақ міндет!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1309387?lang=ru

Жауап қалдыру