
Бүгін мен өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көрсетілетін уақытша болу жағдайындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы айтқым келеді.
Мұндай қызметтер белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған немесе пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға арналған.
Мұндай ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтер адамды қолдауға бағытталған, жеке басын куәландыратын құжаттарды қалпына келтіруге, уақытша тіркеуді ресімдеуге, кәсіптік оқытуға және қайта оқытуға жіберуге, жұмысқа орналасуға, жәрдемақы тағайындауға, балаларды мектептер мен балабақшаларға айқындауға және басқа да шараларға қажетті көмек көрсетіледі.
Әлеуметтік қолдауды қажет ететін, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар үшін уақытша тұру да, түнеу мүмкіндігі де қарастырылған. Түнде тұру жазғы уақытта 21:00 — ден 9:00-ге дейін, ал қыста-18:00–ден 10:00-ге дейін беріледі.
Болу мерзімі қызмет алушының санатына және заңнамада белгіленген шарттарға байланысты. Мәселен, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар, сондай–ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған немесе пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар үшін шарт бір жылға дейінгі мерзімге, ал тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасының құрбандары үшін-алты айға жасалады.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасының құрбандары үшін жағдайды шешудің және бағалаудың арнайы тәртібі қарастырылған. Бұл көмек көрсету қажеттілігін анықтауға және одан әрі қолдауды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің басты мақсаты–адамға уақытша көмек көрсету ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік оңалту, тәуелсіздікті қалпына келтіру және қоғамдағы толыққанды өмірге оралу үшін жағдай жасау.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kostanay/press/news/details/1309334?lang=ru

Жауап қалдыру