«АҚБЕРЕН» ОҚУЛАРЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 12 қазан күні жалпы орта білім беру ұйымдарының 8–11 сынып оқушылары арасында республикалық «Ақберен» оқуларының аудандық кезеңі өткізілді.

Ұлттық рух пен көркем сөзді ұлықтаған тағылымды байқаудың басты мақсаты – қазақ тілін, ұлттық өнер мен әдебиетті құрметтейтін, шығармашылық тұрғыдан ойлайтын, өз ойын дәлелді әрі көркем жеткізе алатын дарынды оқушыларды анықтау, қолдау және олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасау.

«Ақберен» – жас өреннің сөз өнеріне деген сүйіспеншілігін шыңдап, ұлттық құндылықтарды терең тануына жол ашатын, талант пен талапты тоғыстыратын тағылымды байқау.

Байқау 6 бағыт бойынша ұйымдастырылып, аудан мектептерінен барлығы 35 оқушы өзара бақ сынады. Қатысушылар өздерінің білім-білігін, шығармашылық ізденісін, өнері мен шеберлігін көрсетіп, жоғары дайындық деңгейін танытты.

Байқау қорытындысы бойынша әр бағыттан жүлделі І орын иеленген оқушылар республикалық «Ақберен» оқуларының облыстық кезеңіне жолдама алды.

Жас талапкерлердің әрбір жетістігі – ұлттық өнер мен әдебиеттің болашағына жасалған нық қадам. Дарынды оқушыларға облыстық кезеңде сәттілік пен шығармашылық биіктер тілейміз!

Ұлттық өнерді ұлықтаған жас дарындарымыздың алар асуы биік болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-roo/press/news/details/1309619?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді