Астанада «Таза Қазақстан» акциясы аясында 100-ден астам көшет отырғызылды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында Еуразиялық банк қызметкерлері мен Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы бірлесіп, №118 және №107 жайлы мектептердің аумағын көгалдандырды.

Іс-шараға білім беру ұйымдарының өкілдері мен «Жер елшілері» жастар экологиялық қозғалысының мүшелері қатысты. Екі мектептің аумағына барлығы 100-ден астам көшет отырғызылды.

Акцияның мақсаты – мектеп аумақтарын көгалдандыру, білім алушылар үшін қолайлы орта қалыптастыру және өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін арттыру. Мұндай бастамалар табиғатқа жанашырлықпен қарауды үйретіп, елорданың жасыл желегін көбейтуге және қаланың көркеюіне үлес қосады. 

#Астана #Елорда #ТазаҚазақстан

https://www.instagram.com/p/DeT9wwRACgW/

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1309584?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді