
Түркістан қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы 2026 жылғы 8 қазан мен 10 желтоқсан аралығында өткізіліп жатқан «Ата-ананың үйін тексер» республикалық акциясы аясында профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, газдан улану мен өрт оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру.
Акция барысында тұрғындарға жылыту құралдарын қауіпсіз пайдалану, электр жабдықтарын дұрыс қолдану және балаларды қараусыз қалдырмау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Қауіпсіздік – әр отбасының жауапкершілігі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-turkistan/press/news/details/1309816?lang=ru

Жауап қалдыру