Күн: Қазан 17, 2026
-

Тұрғын үйлердегі өрттің алдын алу және қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында тұрғындарға пешті қауіпсіз пайдалану ережелері бойынша жадынамалар таратылды
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-ertis-karakuduk/press/news/details/1309447?lang=kk
-

Корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша аванстық төлемдер: не өзгерді?
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті келесіні хабарлайды.Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 348-бабына сәйкес, алдыңғы салық жылының алдындағы кезеңдегі түзетілген жиынтық жылдық табысы (ЖЖТ) айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 600 000 еселенген мөлшерінен асатын заңды тұлғалар аванстық төлемдерді жүргізуге міндетті.Алдын ала төлемдерді жүргізуден босату мыналарға қолданылады:- табысы 600 000 АЕК шекті мөлшерінен аспайтын салық төлеушілерге;- жаңадан құрылған…
-

-

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл жай ғана ережелер жиынтығы емес. Бұл – адалдық, сатылмаушылық және жемқорлықтың кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік қағидаттарына негізделген, барлық қызметкерлер ұстанатын құндылықтар жүйесі мен этикалық нормалар. Бұл міндеттің маңыздылығы заңнамалық деңгейде атап өтілген: Заңның 6-бабына сәйкес, «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау…
-

Наталья Богданова Қазақстан полициясының атын халықаралық спорт аренасында танытып жүр
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Руслан Назаров жеке құрам атынан Жапонияда 21 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өткен ХХ жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері Наталья Богданованы құттықтады. 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ширек финалда спортшы Өзбекстан өкілі Азиза Зокированы 4:1 есебімен сенімді түрде жеңіп, құрлықтағы үздік боксшылардың қатарына қосылды. Салтанатты жағдайда Натальяға…
-

«Таза Қазақстан»: Қарасу ауданында сенбілік өтті
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қарасу ауданындағы Жеңіс саябағында сенбілік ұйымдастырылды.Іс-шараға қатысушылар саябақ аумағын тазалап, қоғамдық орынның көркеюіне өз үлестерін қосты. Мұндай игі бастамалар қоршаған ортаны таза ұстауға, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыруға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.Тазалық – әрқайсымыздан басталады! Туған жерімізді бірге таза әрі көрікті етейік! #ТазаҚазақстан #ҚарасуАуданы Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-toktarov/press/news/details/1309452?lang=ru
-

Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша техникалық кеңес өткізілді
Техникалық кеңесте қауіпсіздік бағытындағы міндеттер айқындалды Кеңесте соңғы жылдары тұрмыстық газ баллондарының жарылуына байланысты орын алған қайғылы оқиғалар талқыланды. Қатысушыларға газ баллондарын пайдалану талаптарын өрескел бұзу, ақаулы жабдықтарды қолдану және газ баллондарын белгіленбеген орындарда толтыру ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екені түсіндірілді. Сонымен қатар, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталған заңды тұлғаларға қойылатын талаптар бойынша түсіндіру…
-

НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!
НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ! Жоламан ауылдық округінде нашақорлықтың алдын алу, есірткі заттарының зияны туралы тұрғындардың ақпараттандырылуын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлік нысандарының қызметкерлеріне есірткі заттарын қолданудың адам денсаулығына, отбасы мен қоғамға тигізетін кері әсері, есірткінің заңсыз айналымына байланысты жауапкершілік және зиянды әдеттерден аулақ болудың…
-

Құқық қорғау орталығында тоғыз айдағы жұмыс қорытындыланды
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықта 2026 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындылары мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің тапсырмаларының орындалуына арналған отырыс өтті. Азаматтардың өтініштерін қарау – Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен оның өңірлердегі өкілдері қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Осылайша, есепті кезеңде келіп түскен өтініштердің жалпы саны 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,6%-ға өсіп, 8 002-ні құрады.…
-

Объектілер мен субъектілердің назарына! Абайлаңыз алаяқтар!
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мессенджерлерде (whatsApp, telegram және т.б.) қызметкерлер мен басшылық атынан жалған аккаунттар құрып, жалған ақпарат жіберетін алаяқтардың жиілеп кеткені туралы ескертеді. Алаяқтар қоғамдық тамақтану орындарына, денсаулық сақтау объектілеріне және т.б. кәсіпкерлерге хабарласып, тексеру жүргізетінін айтып қорқытып, мәселені шешу үшін ақша талап еткен жағдайлар кездесуде. Осыған байланысты санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының…
-

Астанада АЭС салу жобасын іске асыру үшін Қазақстанның ядролық инфрақұрылымын бағалауға дайындық бойынша АЭХА миссиясы өтуде
2026 жылғы 12–15 қазан аралығында Астанада Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) Қазақстанның ядролық инфрақұрылымына өзіндік бағалау есебін дайындауға және INIR (Integrated Nuclear Infrastructure Review) кешенді шолуының екінші кезеңіне дайындалуға қолдау көрсету жөніндегі бірлескен миссиясы өтуде. Жұмысқа АЭХА сарапшылары, Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС-нің және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның өкілдері…
-

Айнабұлақ ауылында аудан әкімінің тұрғындармен есеп беру кездесуі өтті
Жаңасемей ауданының әкімі Нұржан Оразбекұлы Айнабұлақ ауылының тұрғындарымен кездесіп, аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі бағыттары мен қол жеткізілген нәтижелер туралы баяндады. Кездесу барысында алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер айтылып, ауылды дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен өзекті мәселелері тыңдалып, қойылған сұрақтарға жауап берілді. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey-ainabulak/press/news/details/1309445?lang=ru
-

Жетісу облысында биыл 4 600 отбасы баспаналы болады
Жетісу облысында өткен жылы 3 284 отбасы баспаналы болса, биыл 4 600 отбасы қоныс тойын тойлайды. Олардың қатарында Ақсу ауданының тұрғындары да бар. Бұл туралы аудан халқымен кездесуде облыс әкімі Бейбіт Исабаев мәлімдеді, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Өңір басшысының айтуынша, өткен жылдың мамыр айынан бастап тұрғын үй беру функциясының «Отбасы банкке»…
-

📢 Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Отырыста кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, білім беру ұйымдарында оқушылардың мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау және діни атрибуттарды тағудың алдын алу мәселелері қаралды. Сонымен қатар, қараусыздық пен панасыздықтың алдын алу, қолайсыз отбасылармен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат тыңдалды. Отырыс барысында ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша бір материал қаралып,…
-

📌 Солтүстік Қазақстан облысындағы ЖРВИ мен тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай
Солтүстік Қазақстан облысында ЖРВИ мен тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай бүгінгі күні тұрақты болып отыр. 2026 жылғы 1 қазаннан бастап 2026–2027 жылдардағы жаңа эпидемиялық маусым басталды. Эпидемиялық маусым басталғалы бері ЖРВИ-дің 3 356 жағдайы тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 10,2%-ға өскен (3 043 жағдай). Сонымен қатар ағымдағы эпидемиялық маусымда тұмау жағдайлары әзірге тіркелген жоқ.…
