📌 Солтүстік Қазақстан облысындағы ЖРВИ мен тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
⚡️Солтүстік Қазақстан облысында ЖРВИ мен тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай бүгінгі күні тұрақты болып отыр.
⚡️ 2026 жылғы 1 қазаннан бастап 2026–2027 жылдардағы жаңа эпидемиялық маусым басталды.
⚡️Эпидемиялық маусым басталғалы бері ЖРВИ-дің 3 356 жағдайы тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 10,2%-ға өскен (3 043 жағдай).
⚡️Сонымен қатар ағымдағы эпидемиялық маусымда тұмау жағдайлары әзірге тіркелген жоқ.
💉 Тұмауға қарсы вакцинация
⚡️2026 жылғы 6 қазаннан бастап облыста тұмауға қарсы иммундау науқаны басталды. Тәуекел топтарына жататын адамдарды вакцинациялау үшін Ресейде өндірілген «Гриппол Плюс» вакцинасының 60 мың дозасы сатып алынды.
⚡️Вакцинация тәуекел топтарына жататын мына адамдарға жүргізіледі:
▪️ медицина қызметкерлері;
▪️ медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар;
▪️ балалар үйлері мен сәби үйлеріндегі балалар;
▪️ қарттар үйлерінде тұратын адамдар;
▪️ эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша вакцинациялауға жататын адамдар, оның ішінде созылмалы аурулары бар адамдар, мектеп оқушылары, жүкті әйелдер, егде жастағы адамдар, ерте жастағы балалар, сондай-ақ жабық үлгідегі мекемелерде және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарда болатын адамдар.
📌Вакцинация тіркелген жері бойынша емханада тегін жүргізіледі.
📊 Бүгінгі күні тәуекел топтарына жататын 6 675 адамға вакцина салынды.
🤒 ЖРВИ мен тұмаудың негізгі белгілері
⚡️ЖРВИ мен тұмаудың негізгі белгілеріне дене қызуының көтерілуі, жалпы уыттану белгілері, әлсіздік, дел-салдық, тамақтың ауыруы және мұрынның бітелуі жатады.
❗️ Алғашқы белгілер байқалғанда не істеу керек?
⚡️ЖРВИ мен тұмаудың алғашқы белгілері пайда болған кезде өзін-өзі емдеуге болмайды. Медициналық көмекке жүгіну немесе дәрігерді үйге шақыру қажет. Инфекцияның таралуына жол бермеу үшін науқас баланы балабақшаға немесе мектепке жібермеу керек.
⚡️Аурудың ұзаққа созылуы асқынуларға әкелуі мүмкін. Олардың ішіндегі ең қауіптілерінің бірі – пневмония.
✨ ЖРВИ мен тұмаудан қалай қорғануға болады?
ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу үшін:
▪️ бөлмелерді күн сайын желдету;
▪️ қолды мұқият жуу және қажет болған жағдайда антисептикалық құралдарды пайдалану;
▪️ сырқаттанушылықтың маусымдық өсу кезеңінде көпшілік іс-шараларға барудан мүмкіндігінше бас тарту, ал бару қажет болған жағдайда бетперде тағу;
▪️ белсенді өмір салтын ұстану және үнемі дене шынықтырумен айналысу;
▪️ ұйқы режимін сақтау және дұрыс тамақтану ұсынылады.
📌Өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығын сақтаңыздар!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-sko/press/news/details/1309431?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді