Күн: Қазан 17, 2026
-

Мемлекет басшысының өкімі
Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды. Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1298613?lang=ru
-

Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Ералы Тоғжанов Жызақ облысына жұмыс сапарымен барды
Сапар барысында Жызақ облысының хокимі Улугбек Мустафоевпен кездесу өтіп, сауда-экономикалық, инвестициялық және өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, сондай-ақ екі ел өңірлері арасындағы тікелей байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланды. Мемлекет басшыларының өзара сауда көлемін 2030 жылға қарай 10 млрд долларға жеткізу жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға, сондай-ақ өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, логистика және туризм салаларындағы өзара іс-қимылды жандандыруға ерекше…
-

Тұрғындармен тұрақты кездесулер
Бүгінде ауыл тұрғындарын қандай мәселелер толғандырады, қандай мәселелер шешімін тапты және алда қандай міндеттер тұр? Осы мәселелер Тимирязев ауданының әкімі Е.Қ. Жаровтың Белоградов және Дзержинское ауылдарының тұрғындарымен кезекті кездесулерінде талқыланды. Кездесулерге Тимирязев аудандық мәслихатының төрағасы А.С. Асанова да қатысты. Белоградовка тұрғындарын, ең алдымен, абаттандыру және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының жағдайы алаңдатады. Негізгі мәселелер қатарында теміржол станциясына…
-

Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Ералы Тоғжанов Самарқанд облысының хокимі Адиз Бобоевпен кездесті.
Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, сондай-ақ екі елдің өңірлері арасындағы тікелей байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланды. Қазақстан мен Өзбекстан басшыларының 2030 жылға қарай екіжақты тауар айналымын 10 млрд АҚШ долларына дейін жеткізу жөніндегі тапсырмаларын іс жүзінде жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда өзара сауда көлемін ұлғайту, бірлескен жобаларды іске асыру…
-

Қазақстан мен Тимор-Лешти дипломатиялық қатынастар орнатты
Нью-Йорк, 2026 жылғы 24 қыркүйек – БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Тимор-Лешти Демократиялық Республикасының Сыртқы істер және ынтымақтастық министрі Бендиту душ Сантуш Фрейтаспен кездесуі өтті. Кездесу қорытындысы бойынша сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы Бірлескен коммюникеге қол қойды. Тараптар саяси диалогты дамыту, сондай-ақ…
-

Үйге барып қызмет көрсету аясында ерекше қажеттілігі бар 9 мыңнан астам азамат қамтылды
Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы үшін мемлекеттік қызметтердің баршаға бірдей қолжетімді болуы маңызды. Денсаулық жағдайына байланысты ХҚКО-ға өзі келе алмайтын ерекше қажеттілігі бар жандарға және жүріп-тұруы шектелген тұрғындарға мамандар үйіне барып, тегін қызмет көрсетеді. 2026 жылдың басынан бері Мемлекеттік корпорация мамандары 12 мыңға жуық азаматтың үйіне барып, 9 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен. Үй жағдайында…
-

Әділет министрлігі Қазақстанның халықаралық төреліктердегі мүдделерін қорғау жөніндегі жұмысын Қазақстан заң форумында таныстырды
2026 жылғы 24 қыркүйекте Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаментінің директоры Е.Ж. Мұсабаев Қазақстан заң форумына қатысты. Ерлан Жанәділұлы «Қазақстандағы дауларды шешу саласындағы соңғы жаңалықтар мен үрдістер» атты панельдік сессияда сөз сөйледі. Форум аясында Әділет министрлігінің өкілі Қазақстан Республикасының мүдделерін халықаралық төреліктерде білдіру жөніндегі Министрліктің жұмысы туралы айтып, осы саладағы…
-

11 қыркүйекте Шахтинск қаласының барлық мектептерінде дәстүрлі Денсаулық күні кең көлемде өтті
11 қыркүйекте Шахтинск қаласының барлық мектептерінде дәстүрлі Денсаулық күні кең көлемде өтті. Іс-шараның басты мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, өсіп келе жатқан ұрпақты спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту және оқушылардың денсаулығын нығайту.Мерекелік бағдарлама салтанатты жалпымектептік сапқа тұрудан басталып, онда педагогтар күн тәртібін хабарлады, ал қатысушылар бағыт парақтарын алды. Спорттық шараларға жас ерекшеліктері ескеріле отырып…
-

2026 жылғы 23 қыркүйекте қалалық пікірсайыс турнирі өтті
2026 жылғы 23 қыркүйекте қалалық пікірсайыс турнирі өтті. Оны сапалы өткізу үшін Қарағанды облысы бойынша пікірсайыс қозғалысының жетекшісі Бердалы Құнанбай Болатұлы шақырылды. Ұйымдастырушылар: Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімі, Шахтинск қаласының білім бөлімі, Шахтинск қаласының жастар ресурстық орталығы.Турнир қорытындысы бойынша келесі орындар белгіленді: Қазақ лигасында: 1 орын: «Заңғар» командасы, С.Асфендияров атындағы ЖББМ1 орын: «Шапағат» командасы, Ә.Бөкейханов…
-

БЕСКАРАҒАЙ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
2026 жылғы 24 қыркүйекте аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссияларының отырысы өтті. Отырыста ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды. Атап айтқанда, 2026–2028 жылдарға арналған аудан бюджетіне өзгерістер енгізу, бюджет, экономика және аймақтық даму мәселелері бойынша тұрақты комиссияның есебі талқыланды. Сонымен қатар, жайылымдарды ұтымды пайдалану, жемшөп дайындау, ауыл шаруашылығы саласын дамыту және халықты жылыту маусымына…
-

Жақсы аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына
Жақсы аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылы 25 қыркүйек күні сағат 11:00-де Жақсы аудандық мәслихатының сегізінші шақырылған алпыс үшінші кезектен тыс сессиясы өтетінін хабарлаймыз. Сессияның негізгі сұрақтары: 1. Жақсы…
-

Самарқанд, 2026 жылғы 21 қыркүйек – Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Ералы Тоғжанов Самарқанд қаласында өтіп жатқан FIDE-нің 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасына қатысып, әлемнің түкпір-түкпірінен келген шахмат қауымдастығының 135 өкілімен кездесіп, Олимпиадада ел намысын қорғап жатқан қазақстандық спортшыларға қолдау білдірді..
Жарыс аясында Ералы Тоғжанов қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаеваның шахмат тақтасында символдық алғашқы жүріс жасап, оған және Қазақстан құрамасына сәтті өнер көрсетіп, жаңа спорттық жетістіктерге қол жеткізуді тіледі. Сонымен қатар Қазақстан өкілі Тимур Турловтың Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті лауазымына кандидат ретінде ұсынылуын қолдау аясында Елші оның стендіне барып, әлемдік шахмат қозғалысын одан әрі дамытуға бағытталған…
-

Қазақстан мен Бенин өзара визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды
Нью-Йорк, 2026 жылғы 24 қыркүйек – Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясының аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Бенин Республикасының Сыртқы істер министрі Корин Амори Брюне Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бенин Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды. Құжат екі ел дипломатиялық және қызметтік паспорт…
-

Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Ералы Тоғжанов Шараф Рашидов атындағы Самарқанд мемлекеттік университетінің ректорымен кездесті
Тараптар білім және ғылым саласындағы Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығын одан әрі дамыту перспективаларын, оның ішінде академиялық алмасуларды, жоғары оқу орындары арасындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады. Кездесу аясында Елші университеттің студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамы алдында дәріс оқып, Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынастарының қазіргі кезеңі және гуманитарлық әрі білім беру салаларындағы ынтымақтастықтың маңызы…
-

Педагог-кәсіби бағдарлаушылар үшін «Кәсіби бағдар беру жұмысы: дәстүрлер мен инновациялар» атты бағдарламалық семинар өтті
4 қыркүйекте Шахтинск қаласының білім беру ұйымдарында 2026–2027 оқу жылына арналған кәсіби бағдар беру жүйесін дамытуға арналған педагог-кәсіби бағдарлаушылар үшін «Кәсіби бағдар беру жұмысы: дәстүрлер мен инновациялар» атты бағдарламалық семинар өтті.Ұйымдастырушылар: Шахтинск қаласының білім бөлімі және Кәсіби құзыреттілік мен мансаптық өсу орталығы.Семинар қатысушылары алдында Шахтинск технологиялық колледжі басшылығының өкілдері сөз сөйлеп, мектеп пен орта кәсіптік…
