
Комитет елімізде сатылатын биологиялық белсенді қоспалардың (ББҚ) қауіпсіздігіне мемлекеттік бақылауды жалғастыруда.
Комитеттің аумақтық бөлімшелері бақылау мақсатында сатып алу шеңберінде тексеру жүргізіп, кейіннен санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жасайды. Белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін, оның ішінде сәйкестігін растайтын құжаттары жоқ өнім анықталған жағдайда, оны өткізуге жол бермеу бойынша тиісті шаралар қабылданады.
2026 жылдың 9 айында ББҚ-ның 365 сынамасы зерттеліп, оның 55-і (15,1%) белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды. Анықталған сәйкессіздіктердің басым бөлігі өнімнің таңбалануына қатысты болды — 92,7%. Тағы 7,2%-ы микробиологиялық көрсеткіштер бойынша анықталған бұзушылықтарға тиесілі.
Бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша жедел ден қою шараларын қолдану туралы 55-тен астам қаулы қабылданды. Белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін 9 кг-нан астам өнім саудадан алынып, айналымнан кері қайтарылды.
Комитет тұтынушыларға ескертеді: ББҚ дәрілік заттарға жатпайды және ауруларды өз бетінше емдеу немесе дәрігер тағайындаған емді алмастыру үшін пайдаланылмауы тиіс.
ББҚ сатып алу кезінде олардың мемлекеттік тіркеуден өткенін және тиісті құжаттарының бар-жоғын тексеру, өнімнің құрамына, жарамдылық мерзіміне және таңбалануына мұқият назар аудару, сондай-ақ сенімді сатушылардан сатып алу ұсынылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1310000?lang=ru

Жауап қалдыру