
_____2026 жылғы 13 қазанда «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы» Республикалық мемлекеттік мекемесі сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қатысуымен «Zoom» бағдарламасы арқылы онлайн форматта брифинг өткізді.
_____Брифинг аясында сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде кеден органдарының лауазымды тұлғалары қолданатын кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолданудың негізгі қағидалары, тәртібі мен ерекшеліктері түсіндірілді.
_____Іс-шара барысында жасырын салынған заттарды анықтау, кедендік құжаттарда мәлімделген мәліметтерге сәйкес келмейтін тауарлар мен заттарды анықтау, сондай-ақ тауарлар мен көлік құралдары туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру үшін кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдану мәселелері қаралды. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау, кедендік бақылаудың тиімділігі мен объективтілігін қамтамасыз ету, сондай-ақ техникалық құралдарды қолдану нәтижелерін тіркеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
_____Брифинг қорытындысы бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, кедендік қарап тексеру және кедендік тексеріп қарау кезінде кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолданудың практикалық аспектілері түсіндірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-gdu/press/news/details/1309974?lang=ru

Жауап қалдыру