
Досовка ауылында экологиялық тапсырманы қамтитын спорттық эстафета — «Тазалық үшін жүгіру» эко-марафоны өтті.
Іс-шараға Досовка бастауыш мектебінің қызметкерлері мен оқушылары қатысты. Марафонның басты мақсаты — Орталық көше бойындағы қоқысты жинау болды.
Балалар бұл тапсырманы қызығушылықпен және ынтамен орындап, туған ауылдарын абаттандыруға өз үлестерін қосты. Іс-шара экологиялық сананы қалыптастыруға, табиғатқа жанашырлықпен қарауға және тазалықтың маңыздылығын түсіндіруге бағытталды.
Эко-марафон тіпті шағын, игі істердің де ауылымызды таза әрі көркем етуге көмектесетінін көрсетті! 🌿
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-denisov-pokrov/press/news/details/1309991?lang=ru

Жауап қалдыру