
2026 жылғы 12 қазанда Байғанин ауданы прокурорының төрағалығымен «Заң мен Тәртіп» идеологиясы және «Айқын нәтиже» жобасы аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ішінде үй жануарларының қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелері бойынша ведомствоаралық отырыс өткізілді.
Отырыс барысында аудан аумағындағы жол қозғалысы қауіпсіздігінің жай-күйі, автомобиль жолдарына қараусыз жүрген малдың шығуынан туындайтын қауіп-қатерлер және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берілді. Атап айтқанда:
🔹 Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында мобильдік топ құру;
🔹 «Ақтөбе – Астрахань» автомобиль жолының аудан аумағынан өтетін бөлігінде профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын күшейту;
🔹 Үй жануарларын бірдейлендіру және есепке алу жұмыстарын жандандыру;
🔹 Қараусыз жүрген малды анықтау және олардың автомобиль жолдарына шығуына жол бермеу бойынша тиісті шаралар қабылдау;
🔹 Мал иелерінің жауапкершілігін арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу.
Сонымен қатар, мал иелерінің жауапкершілігін күшейту, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ықтимал жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша уәкілетті органдардың өзара іс-қимылын арттыру қажеттігі атап өтілді.
Аталған бағыттағы профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жалғастырылатын болады.
Жол қауіпсіздігі – баршаға ортақ жауапкершілік!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1310232?lang=ru

Жауап қалдыру