Еурохаттама: жол-көлік оқиғасын полиция шақырмай және әкімшілік жауапкершілікке тартылмай рәсімдеуге болады

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Абай облысы Полиция департаменті жүргізушілерге жеңіл жол-көлік оқиғаларын полиция шақырмай, сотқа жүгінбей және әкімшілік жаза қолданылмай рәсімдеу мүмкіндігін еске салады.

Еурохаттаманы рәсімдеу шарттары:
 ЖКО-ға тек екі көлік қатысуы;
 Екі жүргізушінің де қолданыстағы сақтандыру полисі болуы;
 Келтірілген залалдың 100 АЕК-тен аспауы;
 Оқиғаның мән-жайы, кінәлі тарап және зақымдар бойынша келіспеушіліктің болмауы;
 Зардап шеккендердің және өзге мүлікке келтірілген залалдың болмауы.

 Еурохаттаманы «Europrotocol», «DTP.kz», «Halyk Kazakhstan» қосымшалары немесе сақтандыру ұйымының ресми интернет-ресурсы арқылы рәсімдеуге болады.

Ол үшін сәйкестендіруден өтіп, декларацияны толтырып, оқиға орнынан фото және бейнематериалдарды тіркеу қажет.

Сақтандыру ұйымынан декларацияның қабылданғаны туралы хабарлама алғаннан кейін ғана оқиға орнынан кетуге болады.

 Барлық шарттар сақталған жағдайда жүргізушілер аталған ЖКО үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

Егер Еурохаттама талаптары орындалмаса, полиция шақыру қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1310325?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді