
Маңғыстау облысында отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтарын қорғау және қоғамда агрессияның кез келген түріне төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
Полиция қызметкерлері профилактикалық іс-шаралар өткізіп, азаматтарға құқыққа қайшы әрекеттердің заңдық салдарын түсіндіреді. Сонымен қатар отбасы мүшелері тарапынан қысым, қорқыту немесе зорлық-зомбылық жасалған жағдайда көмекке жүгіну жолдары туралы ақпарат береді.
Отбасылық зорлық-зомбылық фактілерін уақтылы анықтауға, зардап шеккен азаматтарды қорғауға және құқық бұзушылықтардың қайталануына жол бермеуге ерекше назар аударылады. Полиция азаматтарды мұндай жағдайларға бейжай қарамай, зорлық-зомбылық фактілері туралы дереу хабарлауға шақырады.
Өмірге немесе денсаулыққа қауіп төнген жағдайда полицияның 102 нөміріне немесе бірыңғай 112 шұғыл қызмет нөміріне хабарласу қажет.
Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу — әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және отбасының амандығын сақтауға бағытталған ортақ жауапкершілік.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1310302?lang=ru

Жауап қалдыру