Полицейлер азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын сақтауға шақырады

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

5 қазанда Қарақия ауданында профилактикалық іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері басқа да құқық қорғау және уәкілетті органдардың өкілдерімен бірлесіп, Chevrolet Cobalt автокөлігін тоқтатты.

Көліктің жүксалғышын тексеру кезінде бекіре тұқымдас балықтарға сыртқы түрі ұқсас 22 балық анықталып, тәркіленді. Балықтар 55 жастағы жолаушыға тиесілі болған. Тәркіленген балықтың жалпы салмағы 136,15 келіні құрады.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта тәркіленген балықтың шығу тегін және оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін заңсыз аулау, сатып алу, сақтау, тасымалдау және сату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.

Полицейлер азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын сақтауға, жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз сатып алудан, сақтаудан және тасымалдаудан бас тартуға шақырады.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1310304?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді