
Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, діни сауаттылықты арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында шашкиден жарыс өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, логикалық ойлау қабілетін дамыту, зияткерлік ойындарға қызығушылығын арттыру және жастарды теріс діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар төмендегідей орындарға ие болды: І орын – Тоқтар Алтынай
ІІ орын – Алдаберген Әмір
ІІІ орын – Тұрсынхан Қадір
Жарысқа қатысушылар өзара бақ сынап, белсенділік пен шеберліктерін көрсетті. Жеңімпаздар құттықталып, қатысушыларға алдағы уақытта да осындай іс-шараларға белсенді қатысуға тілектестік білдірілді.
Осындай шаралар жастардың қоғамдық белсенділігін арттырып, олардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға және қоғамда тұрақтылық пен келісімді нығайтуға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-zholbarys-batyr/press/news/details/1310242?lang=ru

Жауап қалдыру