
САЛЫҚТЫҚ ХАБАРЛАМАЛАР МЕН САЛЫҚ БЕРЕШЕГІН ӨНДІРІП АЛУҒА ҚАТЫСТЫ ҚҰЖАТТАРДЫҢ НЫСАНДАРЫНА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерді салық берешегін өндіріп алу, сондай-ақ есептелген салықтар мен төлемдер туралы хабарлау кезінде қолданылатын құжаттардың нысандарына енгізілген өзгерістер туралы хабардар етеді
Өзгерістер 2026 жылғы 17 қазаннан бастап күшіне енеді
1. Салық берешегін өндіріп алуға қатысты 10 құжаттың нысаны жаңартылды
Өзгерістер мынадай құжаттарды қамтиды:
Салық берешегін өтеу туралы хабарлама
Банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға қатысты құжаттар
Мүлікке билік етуді шектеу және оған өндіріп алуды қолдану жөніндегі құжаттар
Дебиторлық берешекті растау туралы хабарлама
Қазақстан Республикасынан шығуға уақытша шектеу қою туралы қаулы
Негізгі өзгерістер:
Құжаттарды мемлекеттік кірістер органдарының автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы ресімдеу және оларды аталған жүйенің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыру көзделген
Дебиторлардың тізімін ұсыну кезінде Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 183-бабының 3-тармағына жасалатын сілтеме нақтыланды
Қазақстан Республикасынан шығуға уақытша шектеу қою туралы қаулыларға шағымдану тәртібі өзгертілді
Шағымдану әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады
Аталған қаулылар дереу орындалуға жатады
2. Салықтық хабарламалардың нысандары жаңартылды
Өзгерістер хабарламалардың үш нысанына енгізілді:
Есептелген мүлік салығының сомасы туралы хабарлама
Мемлекеттік кірістер органы есептеген салықтардың және (немесе) төлемақылардың сомалары туралы хабарлама
Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін есептелген төлемақы сомасы туралы хабарлама
Салық төлеушілер нені білуі қажет?
Салықтық хабарламаларға шағымдану тәртібі нақтыланды
Жаңартылған нысандарда шағым беру үшін жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органын көрсету көзделген
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес, шағым беру мерзімі хабарлама табыс етілген күннен бастап 3 айды құрайды
Хабарламаларды мемлекеттік кірістер органдарының автоматтандырылған цифрлық жүйесінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыру көзделген
МАҢЫЗДЫ!
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге келіп түскен салықтық хабарламаларды уақтылы тексеруді, онда көрсетілген сомаларға, орындау мерзімдеріне және шағымдану тәртібіне назар аударуды ұсынады
Негіздеме:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 30 қыркүйектегі № 658 және № 662 бұйрықтары
#ҚостанайОблысыМКД #ҚРҚММКК #Салықтар2026 #СалықтықХабарламалар #СалықБерешегі #Қазақстан
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-kostanay/press/news/details/1310475?lang=ru

Жауап қалдыру