Түркістан облысының спортшысы Мұқан Айтмырзаев Жапонияның Нагоя қаласында 18–24 қазан аралығында өтетін V Азия Пара ойындарына қатысады.
Мұқан Жұмабекұлы – пара жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының спорт шебері. Ол облыстық мүгедектерге арналған «Сауран» спорт клубының спортшысы.
Жаттықтырушысы: Арыстанбек Орынбаев.
1994 жылы Түркістан облысы, Жетісай ауданына қарасты Ынтымақ ауылдық округінде дүниеге келген спортшы халықаралық Гран-прилердің бірнеше дүркін жүлдегері және Қазақстан чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы.
Енді тәжірибелі спортшы Азия Пара ойындарында Ұлттық құрама сапында Отанымыздың абыройын қорғайды.
Жауап қалдыру