VIII сайланған Баянауыл аудандық мәслихатының кезекті LVI сессиясы туралы

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Баянауыл аудандық мәслихатының кезекті сессиясында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өзекті мәселелеріне қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

Сессияның күн тәртібіне сәйкес депутаттар төмендегі мәселелерді талқылады:

🔹 Қызылтау ауылдық округі әкімінің 2026 жылғы 1 қазанға дейін атқарған жұмыстары туралы;

🔹 Баянауыл ауданының білім беру мекемелерінің 2026–2027 жылдардағы қысқы маусымға дайындық жұмыстары туралы;

🔹 Мансап орталығы Баянауыл аудандық филиалының жұмыспен қамту саласында 2025 жылы және 2026 жылғы 1 қазанға дейін атқарған жұмыстары туралы;

🔹 Баянауыл ауданының экономиканың нақты секторы бөлімінің атқарған жұмыстары туралы;

🔹 Баянауыл аудандық бюджетіне өзгерістер енгізу туралы;

🔹 Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның құрамын бекіту туралы;

🔹 Терроризмге қарсы комиссияның құрамына өзгерістер енгізу туралы;

🔹 «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияға қатысты мәселе; 

🔹 Ауданның аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты тұлғалардың баяндамалары тыңдалып, депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылдау мәселелері қаралды.

Сессия барысында көтерілген мәселелер ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыруға және тұрғындардың мүдделерін қорғауға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-bayanaul/press/news/details/1310521?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді