
Ағымдағы жылдың 13-қазанында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысы З.Илимжанова Жетісу облысы әкімдігі өкілдерінің қатысуымен өткен бірлескен кеңесте сөз сөйледі. Кеңеске облыстың Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Е.Мизамбаев, облыстық Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары М.Шакенов, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның Жетісу облысы бойынша филиалының директоры Э. Боранбек және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалының әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі басқармасының басшысы Л.Досербекова қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілетін алдағы өзгерістер, әлеуметтік қолдаудың атаулы моделіне көшу мәселелері қаралды. Аталған модель халықты әлеуметтік қолдаудың жаңа жүйесінің негізіне айналады. Сонымен қатар азаматтардың нақты әл-ауқат деңгейін бағалау тәртібі жан-жақты түсіндірілді.
Кеңеске облыстың барлық аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары, аудан орталықтары мен ауылдық округтердің әкімдері де қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар отбасының цифрлық картасын аудандық және қалалық деңгейлерде қолдануға қатысты өзекті мәселелерді белсенді түрде талқылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhetysu/press/news/details/1310412?lang=ru

Жауап қалдыру