
Құрметті азаматтар!
2026 жылғы 15 қазанда сағат 15:00-де Instagram әлеуметтік желісінде медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) мәселелері бойынша тікелей эфир өтеді.
Тікелей эфир барысында азаматтар медициналық-әлеуметтік сараптамаға қатысты өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, жауапты маманнан түсініктеме ала алады.
Тікелей эфирдің спикері:
Махатова Айсулу Тулепбергеновна — Медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы.
Өтетін күні: 2026 жылғы 15 қазан
Уақыты: сағат 15:00
Өтетін орны: Instagram әлеуметтік желісі.
Баршаңызды тікелей эфирге қатысып, өз сұрақтарыңызды қоюға шақырамыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhambyl/press/news/details/1310808?lang=kk

Жауап қалдыру