
2027 жылы Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (ОСМС) жүйесіне кірмеген азаматтарға да бірқатар базовый (негізгі) медициналық қызметтерді алуға мүмкіндік беру жоспарланып отыр. Тиісті өзгерістер мен толықтыруларды Денсаулық сақтау министрлігі ұсынды.
Қандай қызметтер қолжетімді болады?
Жаңа өзгерістер қабылданған жағдайда, емханаға алғаш рет жүгінген пациенттерге келесі тегін қызметтер көрсетіледі:
- Жалпы қан және зәр анализі;
- Қан қысымын өлшеу;
- ЭКГ (электрокардиография);
- Пульсоксиметрия;
- Флюорография;
- Жекелеген функционалдық зерттеулер;
- Құрсақ қуысы мен бүйрек органдарының УДЗ (УЗИ) тексерісі.
Қосымша жаңашылдықтар:
Сонымен қатар, министрлік пациенттерге медициналық ақпаратты жеткізу үшін автоматты қоңырау шалу жүйесін енгізуді ұсынып отыр. Бұдан бөлек, азаматтарға зерттеу нәтижелерін алу үшін дәрігерге қайта барудың қажеті болмайды – нәтижелерді қашықтан алуға рұқсат етілмек.
Назар аударыңыз: Аталмыш бұйрық жобасын қоғамдық талқылау 23 қазанға дейін жалғасады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bala/press/news/details/1311133?lang=ru

Жауап қалдыру