Құрметті Баянауыл ауданының тұрғындары!

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

 

2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді. Сайлаушылар тізімін жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу негізінде жасайтынын назарларыңызға жеткіземіз. Тұрақты тіркеуі жоқ немесе дауыс беру күні тіркелген орнында болмайтын азаматтарға дауыс беретін күнге дейін 30 күннен кешіктірмей ауылдық округ әкімдігіне өтініш беру қажет.

Аталған құқықты:

  • дауыс беретін күні тіркеу орны бойынша болмайтыны белгілі болған азаматтар;
  • жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқитын, жатақханадан тыс тұратын басқа елді мекеннен келген студенттер;
  • вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар пайдалана алады.

Тізімдегі деректерді +7 (71840) 9-15-38 нөмірі бойынша Баянауыл ауданы әкімдігінің Call-орталығы арқылы немесе өз деректеріңізді +7 747 264 4070 WhatsApp нөміріне жіберу арқылы тексеруге болады.

Call-орталықтың жұмыс кестесі:

Дүйсенбі – жұма: сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс: 13.00 – 14.30);

Сенбі, жексенбі: сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін.

Барша Баянауыл ауданының тұрғындарын белсенді азаматтық ұстаным білдіруге және Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарының сайлауына қатысуға шақырамыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bayanaul/press/news/details/1311139?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді