
ТАҒАЙЫНДАУ!
Атырау қаласы Мәслихатының төрағасы А.Құлбараховтың 2026 жылғы 9 қазандағы №55 өкіміне сәйкес, Атырау қаласы Мәслихатының аппаратының басшысы лауазымына Базарбаев Құрмет Ермекбайұлы тағайындалды.
Базарбаев Құрмет Ермекбайұлы 1973 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылында дүниеге келген.
1990–1995 жылдары Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтында «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша білім алған. 2011–2013 жылдары Атырау мұнай және газ университетінде «Мұнай-газ ісі» мамандығын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1990 жылдары Қызылқоға ауданының Қызылту кеңшарында жұмысшы болып бастаған. 1996–1998 жылдары әртүрлі мемлекеттік қызметтерде еңбек еткен.
1999–2003 жылдары Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз селолық округінің әкімі қызметін атқарған.
2003–2007 жылдары Құрманғазы ауданы әкімдігінде аппарат басшысы, Атырау облысы әкімінің аппаратында ұйымдастыру бөлімінің инспекторы, сондай-ақ Атырау облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2007–2024 жылдар аралығында әртүрлі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде еңбек еткен.
2024 жылдан бастап осы лауазымға тағайындалғанға дейін жеке кәсіпкерлік саласында қызмет атқарған.
Отбасылы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-atyrau-city/press/news/details/1311388?lang=ru

Жауап қалдыру