Тазалық әрқайсымыздан басталады: Жетісу полициясы құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстарын жалғастыруда

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Талдықорған қаласында полицияның Жедел басқару орталығының қызметкерлері автовокзал маңындағы дүкендердің бірінің аумағына тұрмыстық қалдықтардың тасталғанын анықтады.

Тексеру барысында абаттандыру қағидаларын бұзған сауда нысанының иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, жерге темекі тұқылын тастаған жергілікті тұрғын да анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жетісу облысының полициясы ескертеді: қала тазалығы әрқайсымыздан басталады. Қоғамдық орындарда тәртіп сақтау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау – әрбір азаматтың ортақ міндеті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1311490?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді