
2026 жылғы 15 қазанда Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдарды орталыққа қабылдау: тәртібі, алгоритмі және өзара іс-қимыл» тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараға Маңғыстау облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, қиын жағдайға тап болған адамдарға уақтылы қолдау көрсету және тиісті мекемелер арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру.
Кездесу барысында зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдарды орталыққа қабылдау тәртібі, олармен жұмыс жүргізу алгоритмі және жауапты органдардың өзара іс-қимылы мәселелері талқыланды.
Мұндай іс-шаралар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, зардап шеккен азаматтардың құқықтарын қорғауға және оларға қажетті әлеуметтік әрі құқықтық көмек көрсетуді жетілдіруге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1311783?lang=ru

Жауап қалдыру