
Ішімдікті шамадан тыс тұтыну адамның денсаулығына, отбасылық қарым-қатынасқа және қоғамдық қауіпсіздікке кері әсерін тигізуі мүмкін. Маскүндіктің алдын алу — салауатты өмір салты мен қауіпсіз қоғам қалыптастырудың маңызды бөлігі.
Алдын алудың негізгі шаралары:
🔹 салауатты өмір салтын насихаттау; 🔹 жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу; 🔹 пайдалы және белсенді бос уақытты ұйымдастыру; 🔹 отбасылық құндылықтар мен жауапкершілікті нығайту; 🔹 ішімдікті шамадан тыс тұтынудың салдары туралы хадардарлықты арттыру.
⚠️ Денсаулық — басты байлық. Алкогольге тәуелділіктің алдын алу — бұл өзіңізге, отбасыңызға және айналаңыздағыларға деген қамқорлық.
🤝 Салауатты қоғам әрбір адамның саналы таңдауынан басталады!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akshatau/press/news/details/1311650?lang=ru

Жауап қалдыру