Осакаров ауданында аудан әкімінің халықпен кездесулері жалғасуда

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
Осакаров ауданының әкімі Руслан Нұрмұханбетов Мирный, Сарыөзек және Пионер ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.
Кездесулер барысында тұрғындар электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз ету, су құбыры желілерін жөндеу, көшелерді жарықтандыру, елді мекендерді абаттандыру, ескерткіштерді күтіп ұстау, білім беру нысандарын жөндеу және жабдықтау, басқа да өзекті мәселелерді көтерді.
Коммуналдық қызметтердің жұмысына, қоғамдық аумақтарды күтіп ұстауға және әлеуметтік мекемелердегі жағдайды жақсартуға ерекше назар аударылды.
Тұрғындардың өтініштері бойынша түсініктемелер берілді. Жауапты басшыларға көтерілген мәселелерді жан-жақты қарастырып, оларды шешудің мүмкін жолдарын пысықтау тапсырылды.
Әр кездесуден кейін аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың жеке мәселелері бойынша өтініштерін тыңдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-osakarovka/press/news/details/1311756?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді