
«Жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу: Ерте анықтау және тиімді қолдау» тақырыбында дөңгелек үстел
Шымкент қаласының балалар құқығын қорғау басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, жасөспірімдердің психологиялық саулығын сақтау, өмірге деген құндылықтарын нығайту және суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мақсатында, «Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу: ерте анықтау және тиімді қолдау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында суицидтік қауіптің ерте белгілерін анықтау, жасөспірімдердің эмоционалдық жағдайына назар аудару және оларға дер кезінде психологиялық қолдау көрсету мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, балалардың мінез-құлқындағы өзгерістерді дер кезінде байқау, сенімді қарым-қатынас орнату және ата-аналар, педагогтар мен психологтар арасындағы өзара ынтымақтастықтың маңыздылығы аталды.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – жасөспірімдерге көрсетілетін психологиялық көмектің тиімділігін арттыру, алдын алу шараларын жетілдіру және балалар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру.
Әрбір бала тыңдауға, түсіністікке және қолдауға лайық. Балаға қолдау көрсету – оның болашағына қамқорлық жасау!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-bala/press/news/details/1311804?lang=ru

Жауап қалдыру