
Аудан әкімдігінде аудандық мәслихаттың VIII шақырылымы депутаттарының жұмысын аяқтауға арналған кездесу өтті. Аудан әкімі Р. Ә. Анбаев депутаттарға ауданның әлеуметтік–экономикалық дамуына және тұрғындардың мүдделерін қорғауға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Ауданның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін аудандық мәслихат депутаттары әкімнің Құрмет грамоталарымен марапатталды Барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2026 жылғы 29 қарашада өтеді. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның игілігі үшін жұмыс істегені үшін VIII шақырылым депутаттарына алғыс білдіреміз және алдағы қызметте табыс тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm/press/news/details/1311861?lang=ru

Жауап қалдыру