Мүгедектігі бар адамдарды ортопедиялық аяқ киіммен қамтамасыз ету.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

 «Мүгедектігі бар адамдарды  протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету» туралы ақпаратты таныстырып өтемін (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығынан).

Ортопедиялық аяқ киім – бұл науқас адамда табан деформациясы, ақаулары және функционалдық бұзылыстар болған жағдайда  арнайы үлгіде және конструкцияда табан функцияларының орнын толтыру мақсатында дайындалатын аяқ киім.

Ортопедиялық аяқ киімді киюге ұсынысты дәрігер-ортопед немесе травматолог береді.  

Қызмет алушылар күрделі немесе күрделілігі төмен  ортопедиялық аяқ киіммен жылына 1 рет қамтамасыз етіледі.

Күрделі ортопедиялық аяқ киім, оның ішінде етікше келесі жағдайларда дайындалады: аяқтың қысқаруы 3 см және одан да көп болған жағдайда, эквиноварустық, вальгустық, плосковальгустық, майтабандық , лимфостазда аяқ ісіп піл тәрізді табан болғанда, Шопар, Лисфранк, Пирогов әдістері бойынша табан ампутациясының тұқылдары болғанда.

Күрделілігі төмен  ортопедиялық аяқ киім  аяқтың қысқаруы 3 см кем , жалпақтабандылық, өкше сүйегінің өсінділері (өкше шпоралары) және табанның басқа да патологиялары кезінде дайындалады.

Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға 1 сыңар (жаздық немесе қыстық)  аяқ киім беріледі. Мүгедектігі бар балаларға 2 сыңар (жаздық немесе қыстық)  аяқ киім беріледі. Үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар 1 сыңар (жаздық немесе қыстық)  аяқ киіммен, көзделген аяқ киімнің құнының 50 пайызын өз қаражаты есебінен төлей отырып қамтамасыз етіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1311953?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді