
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев Қызылорда облысы білім басқармасының «Облыстық балалар оңалту орталығына» барды.
Бару барысында Оңалту орталығы тарапынан балаларға педагогикалық-психологиялық оңалту бағытында көрсетілетін қызметтерінің сапасына, балалардың тұру және тәрбиеленуіне жасалған жағдайларына, олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына, сондай-ақ әлеуметтік-тұрмыстық және санитариялық жағдайларына мониторинг жүргізді.
Сонымен қатар, мекемеде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету, тамақтандыру, бос уақытын ұйымдастыру және жан-жақты дамуына жасалған жағдайлар мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мониторинг қорытындысымен анықталған кемшіліктер бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті ұсынымдар жолданатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/1312007?lang=ru

Жауап қалдыру