
Бүгін санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің құрметті ардагері Любовь Павловна 90 жасқа толған мерейтойын атап өтуде.
Любовь Павловна — ғұмырын халық денсаулығын қорғау ісіне арнаған жан. Оның кәсібилігі, өз ісіне деген адалдығы мен өмірлік даналығы жас мамандар үшін үлгі-өнеге.
Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары ардагерді құттықтап, гүл шоқтары мен естелік сыйлықтарын табыс етіп, көп жылғы адал еңбегі үшін алғыс білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-vko/press/news/details/1312167?lang=ru

Жауап қалдыру