
2026 жылғы 20 қазанда сағат 15:00-де Департаменттің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында зейнетақы мәселелері бойынша тікелей эфир өткізіледі.
Тікелей эфирді № 2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Изанова Райкуль Жанибековна жүргізеді.
Эфир барысында азаматтарға зейнетақы мәселелеріне қатысты түсіндірме беріліп, тұрғындарды қызықтыратын сұрақтарға жауап ұсынылады.
Барлық тұрғындарды тікелей эфирге қатысып, зейнетақыға қатысты сұрақтарын қоюға шақырамыз. Сіздер өздеріңізді қызықтырған мәселелер бойынша сұрақтарыңызды қойып, қажетті түсіндірме ала аласыздар.
Өтетін күні: 20.10.2026 жыл
Уақыты: 15:00
Өтетін орны: Департаменттің Instagram парақшасы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhambyl/press/news/details/1312207?lang=kk

Жауап қалдыру