
Жыл басынан бері Маңғыстау облысында электрондық бақылауда жүрген сотталғандар тарапынан 150-ден астам құқық бұзушылық анықталды. Олардың бірі Ақтау қаласы Полиция басқармасының арнайы қабылдау орнына 10 тәулікке қамалса, тағы екеуі сот шешімімен бас бостандығынан айыру орындарына жіберілді.
Қазіргі уақытта Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметінде 900-ден астам сотталған есепте тұр.
Олардың бір бөлігіне сот белгілеген шектеулердің сақталуын бақылау мақсатында электрондық бақылау құралдары — білезіктер қолданылады. Бұл құрылғылар сотталғандардың белгіленген талаптарды сақтауын қадағалауға және заң бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
Жыл басынан бері пробация қызметінің қызметкерлері 150-ден астам құқық бұзушылықты тіркеген. Олардың қатарында белгіленген уақытта тұрғылықты жерінде болмау, тиісті келісімсіз белгіленген әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен шығу, әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау, сондай-ақ электрондық білезіктерді қасақана бүлдіру фактілері бар.
Электрондық бақылауда жүрген сотталғандардың бірі әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін Ақтау қаласы Полиция басқармасының арнайы қабылдау орнына 10 тәулікке қамалған.
Сонымен қатар пробация қызметі тағы екі сотталғанға қатысты тағайындалған жазаны бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы сотқа ұсыныс енгізген. Сот ұсыныстарды қанағаттандырған. Нәтижесінде аталған азаматтар жазасының қалған бөлігін өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне жіберілген.
Пробация қызметі сотталғандардың сот белгілеген шектеулерді сақтауын, белгіленген уақытта тұрғылықты жерінде болуын және тиісті рұқсатсыз белгіленген аумақтан шықпауын ескертеді. Электрондық бақылау құралдарын қасақана бүлдіру де белгіленген талаптарды бұзу болып саналады.
Жаза өтеу тәртібі мен шарттарын сақтамаған жағдайда заңнамада көзделген шаралар қолданылады. Атап айтқанда, сот шешімімен тағайындалған жаза бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылуы мүмкін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1312931?lang=ru

Жауап қалдыру