Маңғыстауда “Қауіпсіз үй” ЖПШ жалғасуда

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметкерлері прокуратура және полиция органдарының өкілдерімен бірлесіп, пробациялық есепте тұрған сотталғандар арасында «Қауіпсіз үй» профилактикалық іс-шарасын жүргізуде.

Іс-шараның басты мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, пробациялық бақылауды күшейту және есепте тұрған азаматтардың заң талаптарын сақтауын қамтамасыз ету.

Іс-шара барысында қызметкерлер азаматтардың тұрғылықты мекенжайларына барып, олардың пробациялық бақылау талаптарын орындауын тексереді. Сонымен қатар құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заң талаптарын бұзудың салдары мен белгіленген міндеттерді орындаудың маңыздылығы түсіндіріледі.

Мәселен, кезекті тексеру кезінде Бейнеу ауданында пробациялық есепте тұрған ер адамның белгіленген уақытта тұрғылықты мекенжайында болмағаны анықталды. Осыған байланысты онымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, пробациялық бақылау талаптарын сақтау қажеттігі түсіндірілді және тиісті ескерту берілді.

Пробация қызметкерлері әрбір азаматтың заң талаптарын сақтауы маңызды екенін атап өтіп, құқық бұзушылықтар заңнамада көзделген жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеді.

«Қауіпсіз үй» профилактикалық іс-шарасы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және сотталғандардың қоғамға бейімделуіне ықпал етуге бағытталған.

Заң мен тәртіп – қоғам қауіпсіздігінің кепілі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1312933?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді