
Құрметті Сандықтау ауданының тұрғындары!
Сіздерді Рухани келісім күнімен құттықтаймын!
Бұл күн бізге өзара құрметтің, ізгіліктің және бірліктің маңыздылығын еске салады. Бір-бірімізді тыңдай білу, түрлі көзқарастарға түсіністікпен қарау және қоғамдағы келісімді сақтау – бейбітшілік пен берекенің негізі.
Әр шаңырақта тыныштық, жылулық пен өзара түсіністік орнасын. Ізгі істер мен бір-бірімізге деген құрмет бізді біріктіріп, ауданымыздың одан әрі көркеюіне ықпал етсін.
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және татулық тілеймін!
Құрметпен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1313035?lang=ru

Жауап қалдыру