
Шымкент қаласының Абай ауданы тұрғындарына құқықтық көмек көрсету мақсатында «Халық заңгері» республикалық акциясы өткізілді.
Іс-шара барысында азаматтарға түрлі құқықтық мәселелер бойынша кеңестер беріліп, олардың өтініштері мен сұрақтарына қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер ұсынылды.
Аталған іс-шара халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтардың құқықтық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shymkent/press/news/details/1313684?lang=ru

Жауап қалдыру