ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БЮДЖЕТТІК ПРОЦЕСІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫН ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ АКТИВТЕРІН ЖОСПАРЛАУ МЕН ПАЙДАЛАНУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТІ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысында2026 жылғы 19 қазанда Екібастұз қаласының бюджеттік процесіне қатысушылардың жергілікті бюджет қаражатын және мемлекет активтерін жоспарлау мен пайдаланудың мемлекеттік аудит қорытындылары қаралды.

Мемлекеттік аудит нәтижелері туралы ақпаратпен Тексеру комиссиясының мүшесі А.К. Мұратова сөз сөйледі.

Мемлекеттік аудитпен 8 объект қамтылды, оның ішінде 1 объект қарсы тексерумен қамтылды.

1.Белгіленген қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы – 90 808,8 мың теңге.

Қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан бюджетке өтелуге тиісі – 81 536,0 мың теңге, қалпына келтіруге – 4 480,0 мың теңге, қаржыландыру жоспарында азайтуға – 4 792,8 мың теңге.

2. Тиімсіз жоспарланған бюджет қаражатының (активтердің) сомасы – 15982039,1 мың теңге.

3. Тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының (активтердің) сомасы – 4 644 214,3 мың теңге.

4. Ықтимал шығындар мен жіберілген пайда – 1 690 771,5 мың теңге.

5. Бухгалтерлік есепті жүргізу кезіндегі заңнама бұзушылықтары –
40 731 073,7 мың теңге.

Тәртіп сипатындағы бұзушылықтар 53 бірлік мөлшерінде анықталды.

Аудит барысында және кейінгі шаралар арқылы мемлекеттік аудит объектілерімен өтелді – 602,9 мың теңге, қалпына келтірілді – 4 480,0 мың теңге.

Өтеуге тиіс сомалардың қалдығы 80 933,1 мың теңге.

Отырыс қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының қаулысымен аудиторлық қорытынды бекітіліп, аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын және оларға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы нұсқамалар жіберілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-rkpvlgovkz/press/news/details/1313975?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді