
2026 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов ҚР ІІМ ҚАЖК-нің №78 және №69 мекемелерінде жазасын өтеп жатқан әйел азаматтарды жеке қабылдады.
Қабылдау барысында сотталған әйелдердің өтініштері мен арыз-шағымдары тыңдалып, көтерілген мәселелер жеке тәртіппен қаралды.
Кездесу кезінде медициналық көмек алу және медициналық қызмет көрсету мәселелерімен қатар, жұмыс істеп жүрген сотталған әйелдердің еңбекақысынан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) жарналар мен аударымдардың ұсталуына қатысты мәселелер қозғалды.
Сонымен қатар, Ұлттық алдын алу тетігі шеңберінде балалардың жатын орындары мен тұрмыстық жағдайлары, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарының сақталуы жан-жақты қаралды.
Жеке қабылдау барысында көтерілген сұрақтарға назар аударылып, сотталған әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері қаралды.
Адам құқықтарын қорғау — әрбір адамның құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етудің маңызды бағыты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1314124?lang=ru

Жауап қалдыру