Қостанайда ГАЗ және Audi маркалы автокөліктерді айдап әкетуге қатысы бар үш ер адам анықталды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қостанай қаласының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ГАЗ және Audi маркалы автокөліктерді заңсыз иеленуге қатысы бар қала тұрғындарының үшеуін анықтады.

 

Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адамдар алкогольдік масаң күйде болған. Алдымен олар бір автокөлікті заңсыз иеленіп, жол-көлік оқиғасын жасаған. Одан кейін екінші автокөлікті айдап әкеткен.

 

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.

 

Полиция автокөлікті заңсыз иелену қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kostanay/press/news/details/1313986?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді